«Алаяқтардың құрбаны болмауға қалай жол бермеу керек» профилактикалық әңгіме
2024 жылдың 15 сәуірінде Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Еликбаев А.М. мен Панфилов аудандық полиция бөлімшесі бастығының 1 орынбасары полиция подполковнигі Ерсаинов Е.Е.-ның қатысуымен аурухана қызметкерлеріне "алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" атты профилактикалық әңгіме өткізді.
Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта алаяқтық сияқты қылмыстың бұл түрі жоғары қарқынмен қарқын алуда. Халықтың ең қорғалмаған топтары – зейнеткерлер мен мүгедектер алаяқтардың құрбаны бола бастады.
Әңгімелесу барысында аурухана қызметкерлеріне өте мұқият және сақ болуға, өздерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға, интернет алаяқтардың тарапынан өзіне қауіп төндірмеу үшін бөгде адамдарға тиісті тексерусіз ақша жібермеуге ұсынылады.