МӘМС: емханаға тіркелу үшін сіз нені білу керексіз ?
Әрбір пациент кез-келген жағдайға сүйене отырып, емхананы өзгертуге мүмкіндігі бар, яғни, тұрғылықты жеріне, жұмысына, оқу орнына, әскери қызмет өткеруге, медициналық ұйымының тарқалуына немесе қайта құрылуына байланысты. Сондай-ақ, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапа жағынан сізді қанағаттандырмаса, бірақ айына кем дегенде бір рет болуыңыз қажет. Онда, тіркелудің екі тәсілін қарастырайық.
- Бірінші тәсілі: емханаға келіп, тіркеушілерге жолығу қажет. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және медициналық мекеменің бас дәрігеріне еркін түрде өтініш жазасыз. Сонымен қатар , егер де пациент емханадағы белгілі бір дәрігерді таңдап, бірақ оған тіркелген азаматтардың саны нормадан тыс болып кетсе, оған басқа дәрігерді ұсынады. Тағы бір айтып өтетін жайт, сіз өз отбасы мүшелерін бекіте аласыз. Ол үшін, емхана дәрігеріне жазбаша түрде өтініш және жеке куәлік керек.
Тіркелу үшін, емхананың бас дәрігеріне өтініш жазып, сондай-ақ жеке куәлігін көрсетуі керек. Бекіту кезінде, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы болуы тиіс, баланың жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өзінің жеке куәлігі болу керек. Бұл ретте өтініште олардың тіркелгендігін көрсету қажет.
- Екінші тәсілі қашықтық: пациент egov.kz. Порталы арқылы тіркеле алады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет (ЭЦҚ). Тек бір емханаға тіркелуге болады. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының аумағында, мүмкіндігінше кедергісіз бекітуді жүзеге асыруға, сонымен қатар ТМКК шеңберінде медициналық көмекті МӘМС жүйесі арқылы көмек алуды қамтамасыз етеді. Сондықтан емханаға қабылдауға міндетті түрде, жоғарыда аталған тұлғалардың өтінішін жүзеге асыра отырып, жүзеге асырады. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне жұмыс берушілер зейнетақы қорын жинап бастады.
Нені білу маңызды:
Егер сіз емхананы ауыстыруды жөн көрсеңіз, онда сізді алдыңғы орныңыздан автоматты түрде медициналық ұйымы алып тастайды. Егер сіз еркін таңдау құқығын пайдаланбасаңыз, онда сізді соңғы рет ем алған емханаға тіркеп қояды.
Егер сіз емханаға бірінші рет келген болсаңыз, онда амбулаториялық науқастың медициналық картасы, баланың даму тарихы немесе электрондық денсаулық паспортын рәсімдейді. Медкарта емханада қағаз және электронды түрде сақталады.