Нұркент қаласының медицина кызметкерлеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Сарпеков О.Д. ШЖҚ "Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы" КМК Нуркент қаласының медицина кызметкерлеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысын жүргізді
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.