Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Сарпеков О.Д., юрист Акимбеков С.М. ШЖҚ "Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы" КМК Коктал ауылдық округінің медицина кызметкерлеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысын жүргізді
Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.