Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні - 24 наурыз!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2017 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне (24 наурыз) ұштастырылған туберкулездің алдын
алу жөнінде айлық өткізіледі.
- Дүниежүзілік күні мен айлық өткізудің мақсаты: халықты профилактикалық шаралар, туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке
жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпарат алуын арттыру.
- Мақсатты топтар: Халық (балалар, жасөспірімдер, жастар, ата-аналар) Жұмыс берушілер, жұмыс жасайтын қызметкерлер, оның ішінде еңбектегі мигранттар. ТБ және АИТВ жұқтыру қаупі жоғары халық тобы (ИНҚ, СЖ, ЕСАЕ, ААТ, сотталғандар).
2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 2030 жылға дейін Тұрақты даму саласының мақсаттарын (ТДМ) қабылдады. Осы мақсаттардың бірі – ғаламдық ТБ індетін жою. 2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясымен мақұлданған ДДҰ-ның «ТБ-дан азат әлем (ТБ-дан өлім-жітім, аурушаңдылық және зардап шегу деңгейі нөл)» айқындылығымен 2016-2035 жылдарға арналған туберкулезді жою жөніндегі «End TB» стратегиясы 2035 жылы 2015 жылмен салыстырғанда ТБ-дан өлім-жітім оқиғасының санын 95%-ға және ТБ-дан аурушаңдылық көрсеткішін 90%-ға қысқартуға шақырады.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні (24-наурыз) аясында 24 ақпан - 24 наурыз аралығында өткізілетін туберкулездің алдын алу айлығы негізінде 2017ж 15- наурызда Панфилов аудандық орталық ауруханасының қызметкерлеріне Алматы облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің мамандарының қатысуымен семинар-тренинг өткізілді. Семинар –тренингтің негізгі мақсаты: мамандардың кәсіби деңгейін арттыру. Қатысқан жалпы қызметкерлер саны -110. Семинарға жоспарланған бағдарлама бойынша облыстық ТҚҚД мен туберкулез диспансерінің мамандары келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады:
- Туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы. Баяндамашы: ТҚҚД карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Джунусова А.А.
- Туберкулезді анықтаудың диагностикалық алгоритмі, этаптары. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері Исабаев Ж.Т.
- «Тәуекел» тобына алу көрсеткіштері, Манту сынамасы және Диаскентесттің қолданылуы. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігерлері: Заханова А.Ж., Нургалиева А.Қ.
- Қақырықты бактериоскопиялық зерттеу, қақырықты жинау қадамдары. Ауруларды сұрыптау тиімділігі. Баяндамашы: бактериолог дәрігер Кусемисова М.Ч.
- АМСҰ амбулаториялық жағдайда емдеу. Туберкулезге қарсы дәрілер. Стандарттық емнің схемасы. Кері әсерлер кезіндегі дәрігердің әрекеті. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері Исабаев Ж.Т.
- АМСҰ атқарылатын санитарлық ағарту жұмыстары. Туберкулездің асқынған жағдайы тіркелгендегі мамандар әрекеті. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің эпидемиолог-дәрігері Смағұл Н.Қ.
Баяндамалар оқылғаннан кейін, семинарға қатысушылар облыстан келген мамандарға сұрақтарын қойды, тиісінше әр сұраққа жауап та алынды. Семинар соңында семинарға қатысушыларға жағдайлық тапсырмалар (ситуационные задачи) берілді. Топқа бөлінген қатысушылар берілген тапсырмаларға толыққанды жауап берді. Тапсырмаларға толық және нақты жауап берген дәрігерлеріміз: Амраева М.С., Қожансейтова С.З., Ауталипова С.А., Алпысбаева Д.Н., Керімбекова Г.М.