МӘМС
АЗАМАТТАРДЫҢ_ЖЕҢІЛДІГІ_БАР_САНАТТАРЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айрықша атап өткен болатын. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды әлеуметтік реформа болмақ. Осыған орай Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын орындау мақсатында ауданда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында Панфилов ауданы әкімінің 2016ж 24-қазанда денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша штаб құру туралы №64-ө өкімі шықты. Оған қосымша штаб мүшелері мен аудан тұрғындарымен кездесу кестесі де бекітілді. Сол кестеге сәйкес 2017 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін штаб мүшелері Жаркент қаласы мен 13 ауылдық округ тұрғындарымен, аудандағы түрлі мекеме қызметкерлерімен, мектеп мұғалімдерімен, колледж студенттерімен және жеке кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып, тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді және бұл кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жылдың аяғына дейін жалғасын таба бермек.
Штаб мүшелерінің өткізген кездесулерінен бөлек аудандық аурухананың медицина қызметкерлері телім бойынша үй-үйді аралап, телімдеріндегі тұрғындармен, мекеме қызметкерлерімен, дүкен және дәріхана сатушыларымен, асхана мен мейрамхана қызметкерлерімен, такси жүргізушілерімен кездесіп, ақпарат беруде.
Жаркент қаласында және Коктал ауылының көрнекі жерлерінде бильбордтар ілініп, аудандық газетке мақалалар берілді. Оған қосымша аудандық аурухана сайтының МӘМС бөлімінде түрлі ақпараттық материалдар орналастырылды.
Орталық базарда салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің мамандары саудагерлер арасында кітапшалар тарқатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жасалып жатқан жұмыстарға қосымша, мамыр, маусым айларында «Диана» медицина колледжінің ерікті студенттерінен құралған топ Жаркент қаласында орналасқан түрлі сауда орталықтарында, дүкендер мен дәріхаларда, асханалар мен салондарда, такси жүргізушіерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмектесіп, кітапшалар тарқатты.
5 - сәуірден басталған «Өз емханаңа тіркелде, МӘМС жүйесінде өз мәртебеңді анықта» науқаны кезінде аудан тұрғындарының мәртебелері тексеріліп, мәртебесі анықталмаған адамдар тиісті орындарға жолданды.
Бүгінгі таңда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда. Аптаның әр бейсенбісі күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін аудандық ауруханадан құрылған «бестік» тобының мүшелері «НұрОтан» партиясының аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында қабылдау жүргізуде.
Аудандық емханадан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру бұрышы ұйымдастырылып, келген тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде. Бұл жұмыстардың барлығы жылдың аяғына дейін жалғаса бермек.
МІНДЕТТІ ƏЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ (ақпараттық-түсіндіру материалы)
ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛ ДЕ, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТА!
2017 жылдың 5-сәуірінен бастап Қазақстанда «Емханаға тіркел де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталды.
Емхана – ол кез келген медициналық көмек алу үшін «кіреберіс қақпа» болып табылады. Шын мәнінде қайда тіркелгеніңізді тексеру – сіз үшін маңызды. Себебі, азаматтардың басқа қалада, ауданда тұрып, өзге өңірлерде тіркелетін жағдайлары жиі кездеседі. Мұндайда медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әр аудан тұрғыны өз мәртебесін анықтап алуы керек.
Қазірден бастап барлық аудан тұрғындары өздерінің азаматтардың қай санатына жататындығы және жарнаны олар үшін кім төлейтінін: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде өзі ме? Осыны түсініп алу керек.
Медициналық сақтандыруға барлық 18 миллион қазақстандық ілігеді. Ол нәрестелерден бастап егде адамдарға дейін әр адамды қамтиды. Бұл ретте, ҚР МӘМС туралы заңы бойынша мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны өзі жүзеге асырады.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (МСАК) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, тұрғындар дәрігерді еркін таңдауға және бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыреті бойынша медициналық ұйымнан көмек сұрауға құқылы. Азаматтар дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде, емханаға тіркелу бір рет қана жүзеге асырылады.
МСАК ұйымдары азаматтарды жеке өтініші арқылы ғана тіркейді.
Отбасы мүшелерін тіркеу отбасы мүшелерінің біреуі арқылы, өзге отбасы мүшелерінің жазбаша келісімі болған жағдайда және отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, МӘМС жүйесіне қатысу үшін азаматтарды емханаға тіркеу өте маңызды. Өйткені, емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне жол ашылмақ және сақтандырылған азаматтар медициналық сақтандыру пакеті арқылы медициналық қызметтерге қол жеткізеді. Сақтандырылмаған азаматтарға тегін медицициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ғана медициналық көмек көрсетілед, яғни, әлеуметтік мәні бар аурулардың емдеу (туберкулез, психикалық ауру, және т.б.), шұғыл медициналық көмек, санитарлық авиациялық, вакцинация.
Ауданымыздың әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға, яғни, аудандық емханаға, оның ішінде ауылдық ауруханалар мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің санаты туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз - жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат, әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмыссыз азаматсыз ба?
Егер Сіз жеке кәсіпкерлікпен айналыссаңыз жеке кәсіпкер ретінде (ИП) ретінде тіркелуіңіз керек. Ол үшін салық органына жолығыңыз!
Егер Сіз жұмыссыз болсаңыз халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН), халықты жұмыспен қамту орталығына немесе тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша округ әкіміне жолығуыңыз керек.
Болашақта сақтандырылатын адамның санатын анықтау қажетті медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындатпау үшін маңызды болып табылады.
МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналар мөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орныңыз немесе сіздің учаскелік дәрігеріңіз арқылы біле аласыз.
Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.
Бұл үшін Сізге емханаға жеке басты куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазуыңыз керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.
Емханаға тіркелудің екінші тәсілі ғаламтор пайдаланушылар үшін ыңғайлы. "Электронды үкімет" (еgov.kz) порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырып, сұрау салу қажет. Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және сіздің тіркеу туралы электрондық түрде талоныңызды ресімдейді. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты "еgov" порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз.
Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады. Оның бір уақытта бірнеше емханада тіркелуі мүмкін емес. Пациент өз өтінішімен МСАК ұйымына тіркелу кезінде осыған дейін тіркелген МСАК ұйымынан «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы автоматты түрде шығарылады.
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша
100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы