Пациентті тіркелген жері бойынша емес клиникаға жіберуге бола ма?
Егер пациентке консультациялық-диагностикалық қызмет (КДҚ) қажет болған жағдайда, тіркелген жері бойынша жалпы практика дәрігері медициналық ақпараттық жүйесіне (МАЖ) осы қызметке жолдама жазады (мысалы, ЛОР дәрігерінің кеңесі).
КДҚ қызметі науқас тіркелген медициналық ұйымда да, басқа клиникада да, оның ішінде республикалық деңгейде де ұсынылуы мүмкін. Бірақ, клиника ӘМСҚ мәліметтер базасында болуы тиіс.
Яғни, пациенттің тіркелген жерінде емес клиникада КДҚ алу процесі келесідей:
Науқастың учаскелік жалпы дәрігерге көрінуі
КДҚ ұсынатын ұйымды таңдау
Науқас таңдаған клиникаға тіркелген жеріндегі емханадан МАЖ арқылы КДҚ-ға жолдама беру
Қызметті алу уақытын анықтау (қабылдауға жазылу)
КДҚ-ны тікелей алу және КДҚ ұсыну фактісін МАЖ-да тіркеу
Бірлесіп орындаушы шартын автоматты түрде жасау
‼️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КДҚ ұсынатын республикалық медициналық ұйымдармен (мысалы, Республикалық диагностикалық орталық) бірлесіп орындаушы келісімді Сіздің аймағыңыздағы ӘМСҚ филиалының қызметкері жүзеге асырады.