Шағын және орта кәсіпкерліктің 29 санатындағы 800 мыңнан астам қызметкер міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылған
Үкіметтің "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 224 қаулысына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 29 санатындағы 800 мыңнан астам қызметкері 2020 жылдың 1 қазанына дейін міндетті медициналық сақтандыру төлеміннен босатылды.
⠀
Сақтандырылған науқас мәртебесін үш қадам арқылы қалай алуға болатындығын түсінуге көмектесетін инфографиканы ұсынамыз. Сонымен қатар бұл инфографикадан құжаттарды тапсырудың балама нұсқасын да біле аласыз.
ШОБ жұмыс берушісі ай сайын мына сілтеме арқылы msb.fms.kz/login өтіп, «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде ЖСН көрсетілген қызметкерлерінің тізімдерін ұсынуы керек. Деректер әр айдың 25-не дейін жаңартылуы керек.
⠀
• көрсеткіштерге сәйкес рентген немесе компьютерлік томографияға жолдама береді;
• импульстік оксиметриямен тексеру. Қандағы оттегімен қанығу 93% төмендеген жағдайда, қажетті мамандандырылған кеңесшімен аудио немесе видео консультациялар ұйымдастыру;
• «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагностикасы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау;
• үйде емдеу немесе ауруханаға жатқызу мәселесін шешу.