Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!
Сізді біздің сайтымызда көргенімізге қуаныштымын.
Сайттың негізгі мақсаты – Сіздермен тікелей байланыс орнату, медициналық көмекті уақтылы және сапалы көрсету, сонымен қатар қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Аурухана өз қызметін атқару барысында қоғамға етене жақын болып, әрбір науқас үшін туындап отырған мәселелерден хабардар болып отыруы тиіс.
Бұл аурухананың негізгі міндеті болып табылады.
Біздің бірлесе қимылдауымызға тосқауыл болып отырған кейбір кедергілерді жойып, Сіздерге заңмен бекітілген құқықтырыңыз бен кепілдіктеріңізді толықтай жүзеге асыруға көмек береді деп ойлаймын. Және де Сіздер бұл жерден аурухана туралы толық ақпараттарды ала аласыздар.
Туындап отырған мәселелеріңізді ортаға салып, жағымды пікірлеріңізді білдіреді деп сенемін.
Құрметпен, ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК директоры
Еликбаев Айдын Молдашұлы