Ақпарат
- Подробности
- Создано 08 Апрель 2020
Құрметті аудан тұрғындары! Аудандық аурухананың телімдік қызметкерлері мен "Диана" жоғары медициналық колледжінің 4-курс студенттері, волонтерлар диспансерлік есепте тұратын науқастардың ҚР ДСМ 666 бұйрығына сәйкес алатын тегін дәрілерін үйлеріне дейін жеткізіп беруде.
Бұл жұмыс емделушілердің емдеу мекемелеріне келуін азайту, халықтың жиналуын болдырмау мақсатында жасалып жатыр. Егер Сіз диспансерлік есепте тұратын науқас немесе жасыңыз 55 жастан асқан азамат болсаңыз, жүкті әйел болсаңыз немесе 14 жасқа толмаған балаңызға медициналық көмек қажет болса, емдеу мекемесіне бармай, өздеріңіздің телімдік медицина қызметкерлеріне хабарласыңыздар. #бізбіргеміз #үйдебол