1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!
- Подробности
- Создано 29 Ноябрь 2019
Панфилов ауданының медицина қызметкерлері 2019ж 29-қарашасы күні аудандық аурухананың мәжіліс залында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай қызметкерлер арасында салтанатты іс-шара өткізді.
Салтанатты іс-шара ҚР Әнұранымен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді аурухана директоры, облыстық мәслихат депутаты Т.К.Сарпеков алды. Жиналған қауымды осындай айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі туралы бейнебаян көрсетіліп, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Құрметті аудан тұрғындары, жерлестер Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болып, ауру-сырқаудан аман болыңыздар!