Мастер-класс өтті
Үстіміздегі жылдың 19-қыркүйегі күні Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінде «Жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсету туралы Жол картасына» сәйкес, ауданымызда травматология саласын жандандыру мақсатында, аурухананың бас дәрігер Сарпеков Төлеу Құмарбекұлының, орынбасары Бегембеков Ерболат Нұрғазыұлының және бөлім меңгерушісі Нұраханов Жомарт Рахымқабылұлының ұйымдастыруымен, облыстық бас травматолог, Талдықорған қалалық Көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Жунісов Ерік Сейсембайұлының қатысуымен мастер-класс өткізілді.
Мастер классқа бас дәрігердің орынбасары Бегембеков Е.Н., анестезиолог Айсаев Я.Р., хирургия бөлімінің меңгерушісінің у.м.а. Абубакриев М.А., дәрігер хирург Имадиев А.И. және тағы да басқа хирургия мен травматология бөлімдерінің жас дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар Облыстық бас травматолог Жунісов Ерік Сейсембайұлының қатысуымен бөлімде жарақат алып түскен басқа да науқастардың жағдайы бағаланып, емдік кеңестер жүргізіліп, оталық тактикалар жоспарланды.
Бұл мастер кластың мақсаты - травматология бөлімінде жаңадан алынған «С-дуга» рентген аппаратының тиімділіктерін пайдалану, аудан деңгейінде жасалатын ота түрлерін көбейтіп меңгеру, жалпы аудан көлемінде травматология саласын дамытып, науқастарға заманауи медициналық көмекті көрсету.
«С-дуга» рентген аппаратының көмегімен жасалған бүгінгі оталар ауданымызда алғашқы рет жасалды. Алдағы жоспарымызда – құрылғыны тиімді пайдаланып, осы құрылғының көмегімен науқастарға сапалы медициналық-травматологиялық көмек көрсету ойымызда.
Аудандық травматолог: Нураханов Ж.Р.