Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Сарпеков О.Д. ШЖҚ "Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы" КМК Жаркент қаласының медицина кызметкерлеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысын жүргізді
Денсаулық сақтау – қоғам өмірінің ең маңызды салаларының бірі, халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығы тікелей осы салаға байланысты. Алайда жоғары қаржылық жүктеме, күрделі басқару үдерістері және ресурстарға тең қолжетімділіктің болмауы денсаулық сақтау жүйесін жиі сыбайлас жемқорлыққа осал етеді. Сыбайлас жемқорлық көріністері азаматтардың сенімін төмендетіп, медициналық көмектің сапасын нашарлатады және шығындардың негізсіз өсуіне алып келеді.

















